Сіздердің сусындарыңыздағы калориясы төмен қант алмастырушылар қауіпсіз бе?

Иә. Біз тек ғылыми зерттеулер аясында тыңғылықты тексерілген калориясы төмен және калориясы жоқ қант алмастырушыларды ғана пайдаланамыз. Олардың қауіпсіздігін танымал, беделді мемлекеттік ұйымдар растауы тиіс, мысалы: ФАО/ДДСҰ-ның тағам қосымшалары жөніндегі біріккен сараптама комитеті, АҚШ-ың тағамдарды және дәрі-дәрмектерді бақылау басқармасы (FDA), Еуропалық тағам өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі орган (EFSA).