Coca‑Cola құрамында май бар ма?

Coca‑Cola құрамында май жоқ, бірақ калория бар. Қандай да бір калория көзін, мысалы, қант, май немесе протеинді шамадан тыс тұтыну салмақтың артуына және семіздікке әкелуі мүмкін. 

 

Салмақты тиімді басқарудың кілті үйлесімді өмір салтында. Барлық тағам және сусын түрлері сияқты калориялы газдалған сусындарды шамадан асырмай тұтыну қажет. 

 

Біз адамдарға таңдау мүмкіндігін берудің пайдалы екеніне сенеміз, сондықтан да оларға үйлесімді өмір салтын сақтауға көмектесуге ұмтыламыз.  Біз кейбір адамдардың біздің сусындарымызды өте жақсы көретінін, бірақ тұтынатын калория көлемін азайтқысы келетінін білеміз. Сондықтан да біз өзіміздің тәтті, бірақ қанты мен калориясы төмендетілген, төмен немесе тіпті жоқ бірқатар сусындарымызды ұсынамыз, мысалы – Coke Кантсыз. Сонымен қатар, дәл осы себептен біздің сусындарымыздың көбі кішігірім қаптамада ұсынылады. Адамдардың өздері мен жанұяларына қажеттісін таңдай алуы үшін біз міндетті түрде барлық сусындарымыздың құрамындағы калориялардың мөлшерін көрсетеміз.