Coca‑Cola құрамында қанша калория бар?

Бір стақан (250 мл) Coca‑Cola Classic құрамында 113 ккал бар. Құрамында қант бар алкогольсіз сусындар барлық тағам және сусын түрлері сияқты салауатты өмір салтының құрамды бөлігі бола алады. Тек, оларды асыра тұтынбаған жөн.

Адамдар біздің сусындарымызды 130 жылдан бері рахатта ішіп келеді. Себебі, олардың дәмін жақсы көреді. Біз үшін тұтынушыға қант пен калорияны тым көп тұтынбас үшін тиісті таңдау ұсыну маңызды. Сондықтан да біз қанты аз және калориясы жоқ қант алмастырғыштардан тұратын сусындардың кең таңдауын ұсынамыз. Дәл осы себептен біздің көптеген өнімдеріміз кішкентай қаптамада шығарылады.

Сонымен қатар, біз сусын құрамындағы қант пен калория көлемі туралы ақпарат береміз. Нәтижесінде адамдар өздеріне және отбасыларына қажет өнімді таңдай алады.