Бір Coca‑Cola банкасында қанша қант бар?

Көлемі 330 мл Coca‑Cola банкасында 35 гр. қант, яғни 139 калория бар. Қанты бар алкогольсіз сусындар барлық тағам және сусын түрлері сияқты үйлесімді өмір салтына сай келеді, тек оны шамадан тыс тұтынбасаңыз болғаны.

 

Адамдар 130 жыл бойы біздің сусындарымыздан ләззат алып келеді, себебі олардың дәмін жақсы көреді. Біз үшін адамдарға таңдау мүмкіндігін беру өте маңызды, себебі олар қант пен калориялардың тұтынылуын шектей алуы тиіс. Дәл осы себептен біз қант құрамы төмен және калориясы жоқ қант алмастырушылар қосылған сусындардың кең таңдауын ұсынамыз. Сондықтан да біздің сусындарымыздың көбі кішігірім қаптамаларда шығарылады. Сондай-ақ, біз сусындарымызда қанша қант және калория бар екенін ашық көрсетеміз. Сондықтан, адамдар өздеріне мен отбасыларына қажеттісін таңдай алады.