Аспартам қауіпсіз бе?

Иә. Аспартам – әлем бойынша ең тыңғылықты зерттелген ингредиенттердің бірі. Ғылыми зерттеулер тұрақты түрде оның қауіпсіз екенін дәлелдеуде. Аспартамның қауіпсіздігін әлемде танылған беделді ұйымдар растауда, мысалы: ФАО/ДДСҰ-ның тағам қосымшалары жөніндегі біріккен сараптама комитеті, АҚШ-ың тағамдарды және дәрі-дәрмектерді бақылау басқармасы және Еуропалық тағам өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі орган.

Аспартам – калориясы төмен дәмдегіш. Ол тұтынушыларға калориясы төмендетілген, төмен немесе мүлде жоқ альтернативті өнімдерді ұсыну үшін көптеген тағам және сусын түрлерінде қанттың орнына қолданылады. Біз аспартамды кейбір өнімдерімізде қолданамыз, себебі көптеген адамдардың калориясы азайтылған сүйікті сусындардан ләззат алғысы келетінін білеміз.

Үйлесімді өмір салтын сақтау үшін адам кез-келген сусынды шамадан аспайтын көлемде іше алады.