Балалар үшін кофеин қауіпсіз бе?

Біздің ойымызша тек ата-ана мен қамқоршы ғана өз балаларының не ішіп, не жейтінін шешеді. Ал біз үшін маңыздысы – адамдарға ақпарат пен таңдау мүмкіндігін ұсыну. Осы себептен біз сусындарымыздың ингредиенттері, соның ішінде кофеин туралы ақпаратты ашық жариялаймыз. Кофеині жоқ сусындарды ішкісі келетіндерге біздің компаниямыз кофеині жоқ сусындардың кең таңдауын ұсынады, мысалы: Fanta, Sprite, Piko, FuseTea, BonAqua. Осының арқасында тұтынушылар өздеріне және жанұяларына сай келетін сүйікті сусындарын таңдай алады. Жалпы алғанда, сарапшылардың кеңесіне сүйенсек, балалар ересектерге қарағанда азырақ кофеин тұтынуы тиіс.