Mentos жеп, артынша Coca‑Cola ішсе, адам өледі деген рас па?

Жоқ, ол – жай ғана аңыз. Рас, егер Mentos-ты Coca‑Cola бөтелкесіне салса, таң қалдырарлық сода фонтаны пайда болады. Ондай нәтижені газдалған су, шымырлайтын шарап және басқа да газдалған сусындар да береді. Дегенмен, Coca‑Cola ішіп, артынша Mentos жесеңіз, мұндай нәтиже болмайды. Mentos және Coca‑Cola/басқа газдалған сусын араласқанда пайда болатын атқылаудың себепшісі – кәмпиттің сыртқы қабаты. Газдалған сусынға Mentos салған кезде ол бірден көбіктің үлкен көлемде түзілуіне әкеледі. Бірақ, кәмпитті жеген сәтте ол қабат еріп кетеді. Сондықтан, асқазанда ондай реакция жүрмейді.