Coca‑Cola құрамы неден тұрады?

Coca‑Cola ингредиенттерінің тізімі:

 

СУ

Coca‑Cola құрамының 85% астамы – су. Біз өнімдерімізде қолданылатын судың сапасын үнемі бақылап отырамыз,  және оның ең жоғарғы қауіпсіздік және сапа стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеміз.

 

ҚАНТ

Бір стақан (250 мл) Coca‑Cola Classic құрамында 26.5 гр. қант бар. Орынды қолданылған қант – зиянсыз. Дегенмен, оның шамадан тыс көлемде пайдаланылуы ешкімге де жақсылық әкелмейді. Кез-келген тағам мен сусын сияқты алкогольсіз сусындар салауатты өмір салтының құрамды бөлігі бола алады. Тек оның көлемін қадағалау қажет.

 

КӨМІРҚЫШҚЫЛ ГАЗЫ

Көмірқышқыл газы Coca‑Cola Classic бетінде “көпіршіктер” мен “ысылдаған” дыбыс туғызып, сергіткіш әсер береді. Ол – түсі мен иісі жоқ, атмосфера мен адам ағзасында кездесетін газ (біз дем алатын ауаның құрамында кездеседі). Coca‑Cola Classic құрамындағы көмірқышқыл газдың бір бөлігі ыдысты ашқан кезде, яғни біз оны ұрттағанға дейін ұшып кетеді.

 

ТАБИҒИ ДӘМДЕУІШТЕР

Coca‑Cola Classic құрамындағы барлық дәмдеуіштер табиғи болып саналады. Олар бірегей Coca‑Cola Classic дәмін түзуге көмектеседі.

 

КАРАМЕЛЬДІ КОЛЕР

Карамельді колер Coca‑Cola Classic сусынына тән түс береді. Ол – тағам өндірісі саласында кеңінен қолданылатын түс беретін өнім. Дүниежүзі бойынша қадағалау органдары оны қауіпсіз деп таниды.

 

КОФЕИН

Күн сайын миллиондаған адам кофеині бар тағамдар мен сусындардан ләззат алады. Мысалы, кофе, шай және алкогольсіз сусындар. Кофеин, орынды пайдаланылса, қауіпсіз өнім ретінде белгілі. Бір стақан (250 мл) Coca‑Cola Classic құрамында 24 мг кофеин бар. Бұл көлемі 250 мл болатын бір шыны кофе құрамындағы кофеиннен әлде қайда аз.

 

ФОСФОР ҚЫШҚЫЛЫ

Біз фосфор қышқылын кейбір өнімдерімізде, соның ішінде Coca‑Cola Classic құрамында қолданамыз. Ол сусынға ауыз үйірерлік әсер береді. Дүниежүзі бойынша денсаулық сақтау ұйымдары фосфор қышқылын қауіпсіз тағам ингредиенті деп таниды.