lorem

«COCA‑COLA БЕЛЕСТЕРІ» ЖОБАСЫ 10 ЖЫЛ ІШІНДЕ 60 МЫҢ ӘЛЕУЕТТІ КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДІ ДАЙЫНДАДЫ

Ауыл әйелдерінің V Республикалық форумы аясында «Coca‑Cola Белестері» әлеуметтік жобасының 10 жылдығы атап өтілді және тағы 20 жеңімпаз жарияланды. 60 мыңнан астам әйел кәсіпкерлік негіздерін оқып шығып, өз ісін ашуға дайын.

11/11/2022

Қазақстандағы «Coca‑Cola Белестері» әлеуметтік жобасы 10 жыл ішінде 60 мың әлеуетті кәсіпкер әйелді дайындады

Астанада ауыл әйелдерінің V мерейтойлық республикалық форумы өтті, Форум аясында әйелдер кәсіпкерлігіне назар аудара отырып, «Coca‑Cola Белестерi» әлеуметтік жобасының 10 жылдығы атап өтілді. 2013 жылдан бастап жоба негізінен Қазақстанның ауылдары мен аудандарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен және өз ісін ашуға дайын 60 мыңнан астам әйелді дайындады. Форумда жыл сайынғы «Coca‑Cola Белестерi» байқауының тағы 20 жеңімпазының есімі жарияланды: Алматы және Алматы облысынан – 3 жеңімпаз, Астана және Ақмола облысынан – 6, Қарағанды облысынан – екі. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан, Абай, Ақтөбе, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Ұлытау облыстарынан және Шымкент қаласынан жеңімпаздар бар. Жеңімпаздар 2023 жылы өз бизнесін ашуға немесе кеңейтуге 2-ден 4 мың долларға дейін грант алады. Мысалы, экологиялық шикізаттан крафттық ешкі сүтін жасау, киізден бұйымдар жасау, құрақ көрпе жасау, кендір жіптен және баудан интерьер заттарын және қоғамға пайдасы бар басқа да заттарды жасау.

Жобаның 10 жылында байқауға 4000-ға жуық бастамашы кәсіпкер қатысып, 117 әйел жалпы сомасы 390 мың долларға грант жеңіп алды.

Тек 2022 жылы конкурсқа қатысу үшін 369 өтінім берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16% - ға жоғары. Дәстүрлі түрде Ақмола (өтінімдердің жалпы санының 16%), Алматы (24%) облыстарының әйелдері белсенділік танытты. Тұңғыш рет Түркістан облысының қатысушылары жоғары белсенділікті көрсетті (қатысушылардың жалпы санының 10%).

Жобаға қатысушылар бүкіл ел бойынша ондаған шағын кәсіпорындар ашты, соның арқасында 300-ден астам жұмыс орны құрылды, ал бірнеше жүз қазақстандық отбасы тұрақты табыс пен өзін-өзі танытып, қолға алған ісін жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Статистикаға сәйкес, жобаның түлектері әйелдер көбінесе тұтыну тауарларын, оның ішінде азық-түлік өнімдерін өндіруде, ауыл шаруашылығында және қызмет көрсету саласында өз әлеуетін жүзеге асырады. Олардың көпшілігі жыл сайын жаңартылып шығатын «Ауыл әйелдерінің 100 табыс оқиғасы» кітабының кейіпкерлеріне айналады.

- Біз көптеген жылдар бойы әйелдер мен ауыл кәсіпкерлігінің өзекті мәселелерін жүйелі түрде жария талқылауға шығарғанымыздың нәтижесінде мемлекет ауылдың үнін тыңдап, «Еңбек» бағдарламасы сияқты даму гранттарын бөле бастады. Бірақ бұл гранттарды игеру үшін үміткерлерге білім мен дағдылар базасы қажет. Бұл тұрғыда «Coca‑Cola Белестерi» сияқты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған әлеуметтік білім беру бағдарламалары болашақ кәсіпкерліктің әлеуетін қалыптастыруда ерекше маңызға ие, - деп сендірді ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы, ІV, V, VI шақырылымдардағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина.

2022 жылы үкіметтік емес ұйымдар жүргізген зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуеті 32% - ға бағаланады және сапалы және қолжетімді оқыту мен қаржыландырудың әлеуметтік бағдарламаларын іздеуде әйелдер белсенділігінің өсуі байқалады. Мәселен, «Coca‑Cola Белестерi» әлеуметтік жобасының мысалында оқыту бағдарламаларына қатысушылардың саны 2013 жылмен салыстырғанда 2022 жылы 10 есеге, ал бизнес-идеялар конкурсына әйелдерден өтінімдер саны 4 есеге өсті.

«Coca‑Cola Белестерi» жобасын және Ауылдық әйелдер форумы ұйымдастырушылардың командасы Экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың қолынан «Ауыл кәсіпкерлігін дамытуға қосқан үлесі үшін» алғыс белгісін алды.

lorem

«Coca‑Cola Белестерi» жобасына әлеуметтік инвестицияларға қайтарым салынған әрбір доллар үшін 1,43 АҚШ долларын құрайтынын атап өткен жөн. Сарапшылардың пікірінше, бұл ел экономикасына түсетін қайтарымның өте жоғары деңгейі.

- Жоба қазақстандық қоғамға тек білім беру платформасы ретінде ғана пайда әкеліп қоймайды. Тәжірибе көрсеткендей, жобаға қатысу әйелдердің өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне деген сенімін дамытады, олардың мотивациясын күшейтеді, психологиялық тұрғыдан нығайтады және шабыттандырады. Бұл кез-келген қоғамға қажет жоба. Ол әйелдерді біріктіреді, қазіргі заманғы гендерлік күн тәртібін қалыптастыруға көмектеседі, экономика саласында да, әлеуметтік саясат саласында да маңызды мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға ықпал етеді, – деді «Әлеуметтік Динамика» ҚҚ директоры және жобаны ұйымдастырушы Елена Ожго.

«Coca‑Cola Белестері» жобасын Қазақстанда «The Coca‑Cola Foundation» халықаралық қайырымдылық қорының қаржылық қолдауымен «Әлеуметтік Динамика» Қоғамдық Қоры және «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ жүзеге асырады.

lorem