Coca‑Cola Belesteri жобасы аясында Business Turar акселерациялау бағдарламасы басталды

Coca‑Cola Belesteri әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін қолдау жобасы аясында Business Turar акселерациялау бағдарламасы басталды. Бағдарлама өз бизнесін жаңа деңгейге көтеруге ұмтылатын жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге арналады.

20/01/2024

Coca‑Cola қолдауымен Қазақстанда өз бизнесін жаңа деңгейге көтергісі келетіндерге арналған Business Turar онлайн бағдарламасы басталды. Бағдарлама Coca‑Cola Belesteri әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін қолдау жобасы аясында әзірленді.

Жобаның 2020 жылдан басталған барлық түлектеріне ауқымды сауалнама жүргізу қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған бизнесті дамыту үшін кеңейтілген білім алуға деген қызығушылық анықталды. Бұл жаңа бағдарламаны құрудың бастапқы нүктесі болды. Сауалнаманың ең белсенді қатысушылары Business Turar акселерациялау бағдарламасында оқуға алғашқы шақыртулар алды. Олар 2025 жылдың 1 наурызына дейін білімдерін жетілдірмек.

Business Turar Қазақстан бизнес-тренерлер қауымдастығының сарапшыларымен бірлесіп өткізіледі және тереңдетілген қосымша біліммен қатар бизнестің өсуін ұлғайтып, жеделдету үшін практикалық құралдар ұсынады. Бағдарлама қатысушылары өздерінің мықты тұстарын анықтап, кәсіпкерлік қызметті кеңейтуге, тұрақты өсуге қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Бағдарлама оқытудан өткен және Business Qymyz немесе Business Órken бағдарламаларының сертификаты бар, өз бизнесін 1-3 жыл аралығында жүргізіп отырған және оны жаңа деңгейге көтеруге ұмтылатын жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерге арналған. Бағдарламаға қатысу тегін және ұйымдастырушының шақыртуы бойынша ғана жүргізіледі.

Акселерациялау бағдарламасының келесі ағындарына қатысуға ниеттілер ccb.kz сайтында бизнес негіздерін оқып, Coca‑Cola Belesteri жобасы аясында сертификат алғаннан кейін Business Turar-ға қосыла алады.

Coca‑Cola Belesteri қайырымдылық жобасы 12 жыл ішінде 135 мыңға жуық әйелге кәсіпкерлік негіздерін тегін үйретті. Олардың көпшілігі 2020-2024 жылдар аралығында білім алды.