«COCA-COLA БЕЛЕСТЕРІ»-2023 БАЙҚАУЫНЫҢ БАСТАЛУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

«Coca‑Cola Белестері» республикалық жобасының жаңа маусымы басталды. Қазірдің өзінде 60 мыңнан астам әйел бизнес-тренингтерден өтті, конкурсқа қатысуға мыңдаған өтінімдер берілді, 117 әйел өз бизнесін ашуға грант алды. Биылғы жылы 20 грант бөлінеді

01/03/2023

1 наурызда Астанада «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау арқылы ауылды тұрақты дамыту» республикалық конференциясында «Coca‑Cola Белестері» жобасының жұмысын жалғастыру туралы жарияланды - барлық ниет білдірушілер үшін бизнес негіздері мен фермерлік дағдыларды онлайн-оқытудың тегін бағдарламалары басталды және жаңадан бастаушы кәсіпкер әйелдер арасында үздік бизнес-идеяға арналған жыл сайынғы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.

2012 жылы құрылған «Coca‑Cola Белестері» жобасы бизнес-оқытуға қатысу арқылы бүкіл Қазақстан бойынша әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған. Жоба барысында 60 мыңнан астам әйел бизнес-тренингтер өткізді, конкурсқа қатысуға мыңдаған өтінімдер берілді, 117 әйел өзінің алғашқы бизнесін ашуға грант алды.

Болашақ кәсіпкер әйелдер үшін екі білім беру платформасы жұмыс істейді:

https://businessteam.ccb.kz сайтында Business Team «Бастаушы кәсіпкерлерге арналған бизнес негіздері»

http://farmerschool.kz сайтында FarmerSchool «Жеке қосалқы шаруашылықтар»

Сертификат ала отырып, оқуын сәтті аяқтаған әйелдерге үздік бизнес-идея байқауына қатысуға, ал жеңіске жеткен жағдайда өз ісінің басталуы мен дамуына қаржылық қолдау алуға мүмкіндік беріледі.

Биылғы жылы 20 грант бөлінеді. Байқау 11 қазанға дейін жалғасады, марапаттау қараша айында Астанада өтетін республикалық Ауыл әйелдері форумында өтеді.

Өз бизнесін бастауды және дамытуды жоспарлап отырған қазақстандық әйелдерді оқытуға және байқауға қатысуға шақырамыз!