CCI Қазақстан әлемдегі Coca‑Cola сусындарының үздік өндірушісі болып танылды
CCI Қазақстан әлемнің 200-ден астам компаниясын біріктірген, Coca‑Cola жаһандық жүйесінің ең айтулы марапаты – Кандлер кубогына ие болды. Халықаралық бағалау қорытындысы бойынша компания бірінші орынды иеленіп, әлемдегі ең үздік Coca‑Cola боттлері атанды
12/08/2026
CCI Қазақстан бүкіл әлем бойынша 200-ден астам компанияны біріктірген Coca‑Cola жаһандық жүйесінің ең айтулы марапаты — Кандлер кубогына (Candler Cup) ие болды. Халықаралық бағалау қорытындысы бойынша компания бірінші орынға ие болып, әлемдегі ең үздік Coca‑Cola боттлері болып танылды.
Бұл жеңіс компания үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін тарихи жетістік болды. Әлемнің мықты нарықтарына қарсы күресте CCI Қазақстан коммерциялық тиімділік, орындау сапасы, бизнесті дамыту және операциялық жетілдіру саласында үздік нәтижелер көрсетті. Қазақстан үшін бұл марапат отандық мамандардың кәсібилігін мойындау және қазақстандық команданың әлемде ең үздік болуға қабілетті екендігінің айқын дәлелі болды.
Жеңіске апарар жолы бірнеше кезеңнен өтеді. Алдымен компаниялар өңірлік байқаулар аясында жарысады, содан кейін Еуропа, Таяу Шығыс және Африка, Солтүстік Америка, Латын Америкасы және Азияның үздік өкілдері жаһандық финалға шығады. Дәл сол тұста бүкіл әлемдік Coca‑Cola жүйесі үшін стандарттарды белгілейтін компания Кандлер кубогының иегері болып анықталады.
«Біздің осындай жеңіске жетуіміз мыңдаған сағаттық жұмыстың, батыл шешімдердің, ұдайы кемелдікке ұмтылудың және қызметкерлеріміздің белсенді атсалысуының арқасы. Кандлер кубогы CCI Қазақстан командасы әлемдік стандарттарға сай келіп қана қоймай, бүкіл әлемдік Coca‑Cola жүйесі үшін сол стандарттарды белгілейтінін растайды», — деп атап өтті CCI Қазақстан Бас директоры Вели Динчель.
Бүгінде CCI Қазақстан – елдегі ірі алкогольсіз сусын өндірушілердің бірі болып отыр. Компания Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы үш заманауи зауытты басқарады, мыңдаған қазақстандықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, өндірісті дамытуға инвестиция салады, сондай-ақ озық технологияларды енгізіп, орнықты даму саласындағы ауқымды жобаларды іске асырады. Қазіргі кезде компания алкогольсіз сусындар саласындағы соңғы жылдардағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірін іске асыруда: Ақтөбеде еліміздегі төртінші зауыт салынып жатыр, ол өңірдің өндірістік қуатын нығайту мен экономикасын дамытудағы маңызды қадам болмақ.
CCI – Anadolu Group еншілес кәсіпорны болып табылатын және Түркия, Пәкістан, Қазақстан, Ирак, Өзбекстан, Бангладеш, Әзірбайжан, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Түрікменстан және Сирия елдерінде жұмыс істейтін, сусындар өндіретін түрік халықаралық компаниясы. CCI The Coca‑Cola Company және Monster Energy Beverage Corporation компанияларының газдалған және газдалмаған сусындарын өндіріп, таратады және сатады, сондай-ақ өзінің еншілес компаниясы Anadolu Etap İçecek (Anadolu Etap Penkon Gıda ve İçecek Ürünleri Sanayi ve Ticaret Anonim Şirket) арқылы шоғырландырылған жеміс шырынын өндірумен айналысады.
CCI-де 10 000-нан астам адам жұмыс істейді, компанияның жалпы 12 елде алкогольсіз сусындар өндіретін 36 зауыты және жеміс өңдейтін 3 зауыты бар, олар 600 миллион халыққа сусындардың кең ассортиментін ұсынады. Өнім портфелінде газдалған сусындардан басқа, шырындар, су, спорттық және энергетикалық сусындар, мұздатылған шай мен кофе де бар.
CCI акциялары Borsa Istanbul (BIST) қор биржасында «CCOLA.IS» белгісімен саудаланады.