Coca‑Cola-ның төртінші зауыты Ақтөбеде салынатын болады

Coca‑Cola İçecek (CCI) Қазақстан зауыты Ақтөбе облысының тұрғындары үшін 150 тұрақты және 110 қосымша жұмыс орнын құрады. Зауыт – соңғы жылдардағы компанияның Қазақстандағы ең ірі инвестициялық жобаларының бірі.

19/06/2026

Ақтөбеде елдегі төртінші зауыттың құрылысы бойынша Coca‑Cola İçecek (CCI) Қазақстан жаңа инвестициялық жобасының іске қосылуына арналған салтанатты рәсім өтті. Қатысушылар CCI-дің Қазақстанның болашағына және өңірдің орнықты өнеркәсіптік дамуына ұзақ мерзімді сенімінің нышаны ретінді естелік уақыт капсуласының негізін салды.

Жаңа зауыт қазіргі заманғы өнеркәсіптік объектіге ғана емес, сонымен қатар компанияның дамуға: инфрақұрылым құруға, болашаққа инвестиция салуға және мамандардың жаңа буынын қолдауға кешенді көзқарасының нышанына айналады. Бұл тұжырымдама жобаны іске қосу рәсіміне негіз болды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, іскерлік қоғамдастықтың өкілдері, халықаралық әріптестер және CCI Қазақстан басшылығы қатысты.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңдеу өнеркәсібін дамытуға, инвестициялық ахуалды жақсартуға және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін жаңа өндірістер ашуға ерекше мән береді. Бүгін бастау алған жоба – біздің өңірімізде осы стратегиялық міндеттерді табысты іске асырудың жарқын мысалы. Ең бастысы — бұл жоба өңір тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын ашады. Зауытта 150 тұрақты және 110 қосымша жұмыс орны құрылатын болады. Бұл жүздеген отбасының әл-ауқатын жақсартуға және жергілікті тұрғындарды тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов.

Ақтөбеде greenfield қағидаты бойынша іске асырылатын жаңа зауыт салу – соңғы жылдардағы компанияның Қазақстандағы ең ірі инвестициялық жобаларының бірі. Кәсіпорын жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашады, халықаралық экологиялық стандарттарға сай болады және қалдықтарды басқарудың заманауи жүйелерін енгізеді.

«Бүгін біз болашақтың іргетасын бірге қалап жатқанымыздың белгісі ретінде салтанатты түрде капсуланың негізін салып отырмыз. Біз үшін бұл жоба — жай ғана зауыт құрылысы емес. Бұл өңірдің дамуына, жаңа жұмыс орындарын құруға, заманауи технологияларды енгізуге және Қазақстанның жаңа индустриялық мәдениетін қалыптастыратын жас мамандарды қолдауға қосқалы отырған үлесіміз», - деп атап өтті CCI Қазақстан Бас директоры Вели Динчель.

Инвестициялық жоба үкіметтің және елдегі стратегиялық инвестициялық бастамаларға атсалысып жүрген Kazakh Invest ұлттық компаниясының қолдауымен іске асырылуда. Бұған дейін Жаһандық инвестициялар жөніндегі төртінші қазақстандық дөңгелек үстел және Қазақстан-Түркия бизнес-форумы аясында жобаға байланысты келісімдер мен меморандумдарға қол қойылған болатын.

Coca‑Cola İçecek Қазақстанда 1994 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компанияның елге салған инвестициясының жалпы көлемі жаңа зауытты қоса есептегенде, 130 млрд теңгеге жуық. Ақтөбедегі зауыт компанияның Қазақстандағы төртінші кәсіпорны болады. Бүгінде CCI Алматы облысында, Астана және Шымкент қалаларында өндірістік алаңдарды табысты басқаруда.

Coca-Сola İçecek (CCI) — Түркия, Пәкістан, Қазақстан, Ирак, Өзбекстан, Бангладеш, Әзірбайжан, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Түрікменстан және Сирия сияқты елдерде қызметін жүргізіп отырған Anadolu Group құрамына кіретін, сусындар өндіретін түрік көпұлтты компаниясы. CCI компаниясы The Coca‑Cola Company және Monster Energy Beverage Corporation компанияларының газдалған және газдалмаған сусындарын өндіріп, таратады және сатады, сондай-ақ өзінің еншілес компаниясы Anadolu Etap İçecek (Anadolu Etap Penkon Gıda ve İçecek Ürünleri Sanayi ve Ticaret A.Ş.) арқылы жеміс шырыны концентратын өндірумен айналысады.

Компанияда 10 000-нан астам қызметкер жұмыс істейді, оның 12 елде алкогольсіз сусын өндіретін 36 зауыты және жеміс өңдейтін 3 кәсіпорны бар, бұл 600 миллионға жуық халықты сусындардың кең желісімен қамтамасыз етеді. Өнім портфелінде газдалған сусындардан басқа, шырындар, су, спорттық және энергетикалық сусындар, мұздатылған шай мен кофе де бар.

CCI акциялары Ыстамбұл қор биржасында (Borsa Istanbul) «CCOLA.IS» тикерімен саудаланады.