Coca‑Cola Belesteri гранттық байқауының алғашқы 14 жеңімпазы марапатталды

Осы жылы «Coca‑Cola Belesteri» жобасы өз бизнесін құруға немесе дамытуға арналған 30 грантты жоспарлады. Жастарға арналған «Business Оrken» білім беру бағыты ашылды. 2024 жылы 37000-нан астам адам оқудан өтті.

18/11/2024

«Соса-Cola Belesteri» ("Өсу кезеңдері") әлеуметтік жобасының ұйымдастырушылары Астана қаласында жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін кезекті оқу маусымы мен жыл сайынғы гранттар конкурсын қорытындылады. Бұл бағдарлама Қазақстанда 12-ші жыл жұмыс істеп келеді және оны «Coca‑Cola Foundation» халықаралық қайырымдылық қоры қаржыландырады.

Бизнес негіздері мен, әсіресе, ауылдық жерлерде кәсіп жүргізу, соның ішінде «жасыл» технологияларды қолдану бойынша оқу материалдары https://ccb.kz және https://farmerschool.kz веб-сайттарында тілек білдірушілер үшін тегін түрде қолжетімді. Бұл оқудан 2024 жылы 37000-нан астам адам өтті.

«Соса-Cola Belesteri»  жобасының статистикасы көрсеткендей, қатысушылардың көпшілігі 35 жасқа дейінгі жас әйелдер. Жоба ұйымдастырушылары - «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры, ««Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ, «Coca‑Cola Foundation» халықаралық қайырымдылық қоры бизнесте алғашқы қадамдар жасап отырған әйелдерге гранттар бөле отырып, жастар санатына да үлкен назар аударуда.

2024 жылдан бастап жобада жастарға арналған «Business Оrken» https://ccb.kz/orken жаңа білім беру бағыты ашылды, оған жас ер адамдар да қатыса алады. Жастар үшін жеке гранттық конкурс өткізіледі. 2024 жылы «Coca‑Cola Belesteri» жобасы өз бизнесін құруға немесе дамытуға 30 грант беруді жоспарлады, оның 10-ы жастарға арналған. 2023 жылы 20 әйелдер грантының 7-і байқаудың жас қатысушыларына берілді.  

«Әлеуметтік динамика» ҚҚ деректері Қазақстандағы бизнес-оқытуға деген сұранысты көрсетеді. Мәселен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда «Coca‑Cola Belesteri» жобасындағы оқыту бағдарламаларына қатысушылар саны 22%-ға өскен, бұл 2024 жылы жобаға және бизнес-оқытуға деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді.

https://ccb.kz білім беру жобасының ең белсенді қатысушылары - Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстарының өкілдері. Ағымдағы жыл Ақтөбе, Атырау, Жетісу және Маңғыстау облыстарынан қатысушылар санының артқанын көрсетті. ШҚО, Ұлытау және Қостанай облыстары ең нәтижелі болып шықты. Оларда қатысушылар саны аз болғанымен, өзгелерге қарағанда әйелдер мен жастар арасындағы үздік бизнес-идея конкурсына берілген сәтті өтінімдер көп болды. Қостанай облысы бойынша жеңімпаздардың ең көп саны - 3 адам анықталды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда байқауға қатысушылар саны 43%-ға өсті. Ұйымдастырушылардың пікірінше, танымалдылыққа 12 жыл бойы тұрақтылық, тегін көрсетілетін қызметтер сапасы, сенім және ccb.kz әлеуметтік жобасының кең танылуы әсер етеді.

Небәрі 12 жыл ішінде кәсіпкерлік білім беру бағдарламалары бойынша 137 000-нан аса адам оқудан өткен, үздік бизнес-идея конкурсына 5 000-нан аса қатысушы қатысып, 150-ден астамы гранттар алған. Білім беру бағдарламалары айына 10 мың адам кіретін https://ccb.kz техникалық платформасының өзі сияқты бірнеше рет жаңартылды.

Ағымдағы жылы жоба оқыту мен үздік идея конкурсын бірнеше ағымда ұсынды. Жазда басталған Coca‑Cola Belesteri 2024 байқауының бірінші маусымы небәрі 4 айда 621 өтінім жинап, әйелдер арасынан 10, жастар арасынан 4 жеңімпазды таңдаумен аяқталды. Дәстүр бойынша жеңімпаздардың марапаттары Астанадағы жыл сайынғы Республикалық ауыл әйелдері форумында табысталды.

Оқыту мен байқаудың екінші маусымы 2025 жылдың қаңтар айының соңында аяқталады.