2026 маусымына арналған Coca‑Cola Belesteri бизнес-идеялар байқауы 28 желтоқсанға дейін ашық
Coca‑Cola Belesteri маусымының басты жаңалығы – Бизнес-идеялар байқауы. Әйелдер мен 30 жасқа дейінгі жастар арасынан 10 жеңімпаз бизнестерін дамытуға гранттар ұтып алады. Көптеген адамдар үшін бұл кәсіпкерлік жолындағы алғашқы қаржылық қолдау болмақ
17/06/2026
Coca‑Cola Belesteri (CCB) білім беру бастамасы бизнес негіздерін онлайн оқытудан бастап грант алу мүмкіндігімен, Үздік бизнес-идея байқауына қатысуға дейін «өсу сатылары» жүйесін ұсынатын https://ccb.kz/ инновациялық цифрлық платформасына негізделген. Жоба бизнес-акселерация бағдарламалары мен ақпараттық материалдар арқылы өткен жылдардағы оқытуға қатысушыларға қолдау көрсетеді, жоба сайтының маркетплейсі Қазақстан өңірлері бойынша жергілікті әріптестерді табуға мүмкіндік береді.
«14 жыл бойы Coca‑Cola Belesteri сенімді әріптестің қолдауы болған кезде білім жұмыс істейтін бизнеске айналатынын дәлелдеп келеді. 2026 маусымында технологиялар мен нақты көмекке үміт артылады. ЖИ бойынша курс және 1 млн теңгеден гранттар — сенімді бастама мен өсу құралы», — деп атап өтті жоба ұйымдастырушысы, «Әлеуметтік Динамика» ҚҚ-ның директоры Елена Ожго.
2026 жылы жобаның білім қоры қазақ және орыс тілдеріндегі жаңа бейне сабақтар сериясымен толықтырылды. CCB білім беру экожүйесі практикалық қолданылу және қолжетімділік қағидаттарын негізге алады. Контентті өзекті күйінде ұстау үшін жоба аясында оқу материалдарын үнемі жаңартып отыруға жетекші салалық сарапшылар тартылады.
- Image 1
- Image 2
2026 білім беру маусымының жаңалығы: Барлық қатысушыларға түгелдей «Шағын бизнеске арналған ЖИ» курсы қолжетімді болады. Маркетинг, контент, сату және күнделікті істерді автоматтандыру үшін нейрожелілерді қалай пайдалану керектігін практика жүзінде талдаймыз.
«Кока-Кола Қазақстан Belesteri байқауын қолдайды, өйткені ол әйелдер мен жастардың кәсіпкерлік күшіне сенім артады. Бұл елдің орнықты дамуына салынатын инвестиция. Біз жыл сайын көптеген қатысушылардың білім алып қана қоймай, өз идеяларын жүзеге асыру үшін бастапқы капиталға ие болып жатқанына қуаныштымыз», — деп атап өтті Coca‑Cola компаниясының Орталық Азия мен Кавказ өңіріндегі үкіметпен байланыс, коммуникация және орнықты даму жөніндегі аға директоры Александра Аккирман.
Қалай 1 млн теңге гранттың иесі атануға болады:
1. Әйелдер үшін — Business Qumyz немесе 30 жасқа дейінгі жастар үшін — Business Orken бойынша оқытудан өтіңіз.
2. Бағдарламаның қорытынды сертификатын алыңыз.
3. 28 желтоқсанға дейін байқауға бизнес-идеяңызды жіберіңіз. Үздік 10 жобаны сарапшылар таңдайды.
https://ccb.kz/ арқылы өтініш беріңіз
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15 маусым — 28 желтоқсан.