Coca‑Cola нарықта жаңа формат ұсынды: 250 мл көлеміндегі шағын slim-банкілер

Сүйікті Coca‑Cola Classic және Fanta Апельсин сусындары енді шағын көлемде қолжетімді. Жаңа өнім танымал дәмді ыңғайлы форматпен үйлестіріп, жайлылық пен порцияны бақылауға деген бүгінгі сұранысқа жауап береді.

03/02/2026

Ықшам әрі жіңішке банкі талғампаз дизайн мен қолайлылықты үйлестіреді – оны қолда ұстау жағымды, жол-жөнекей ішу ыңғайлы, себебі бұл бір реттік дәл порция. Жаңа өлшемінің арқасында оны өзіңізбен бірге алып жүру бұрынғыдан да жеңіл болды.

Қазақстан нарығында жаңа форматтың іске қосылуы Coca‑Cola компаниясының тұтынушылардың өзгеріп жатқан қажеттіліктеріне бейімделуге деген ұмтылысын көрсетеді. Компания күнделікті өмір ырғағына үйлесетін шешімдер ұсынуды көздейді.

Жаңа өнім қазірдің өзінде сатылымға шығып, ел бойынша сауда нүктелерінде қолжетімді.