
Coca‑Cola Içecek Қазақстанда құны 27 миллиард теңгені құрайтын үшінші зауытын ашты
CCI Kazakhstan компаниясы Қазақстанда Шымкент қаласында өзінің үшінші зауытын ашты. Компанияның Астана қаласы мен Алматы облысында екі зауыты бар. Жаңа зауытқа салынған инвестиция шамамен 27 миллиард теңгені құрады.
14/09/2024
2024 жылдың 13 қыркүйегінде серіктесіміз - Coca‑Cola Içecek Қазақстан Астана қаласы мен Алматы облысындағы екі зауытына қосымша, Шымкент қаласында өзінің Қазақстандағы үшінші зауытын ашты. Жаңа зауытқа салынған инвестиция шамамен 27 миллиард теңгені құрады.
Ашылу салтанатына көптеген құрметті қонақтар, оның ішінде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, Түркия Республикасының Түркістандағы Бас консулы Илькер Пак, Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Мишель Еркин, іскерлік серіктестер, сондай-ақ университеттер мен БАҚ өкілдері қатысты.
Зауыт 16 га аумақты алып жатыр және әзірге екі өндірістік желімен жабдықталған. Ол CCI Қазақстанның жылдық өндірістік қуатын шамамен 30%-ға ұлғайтып, 150 жаңа жұмыс орнын ашады.
CCI Қазақстанның Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі өңірлік директоры Эрдинч Гюзель мырза Қазақстан Үкіметіне, Шымкент қаласының әкімдігіне және жергілікті қоғамдастыққа баға жетпес қолдаулары үшін алғысын білдірді. Ол компанияның экономикалық әсерін былай деп атап өтті:
"Бүгінгі таңда нарық көшбасшысы болып табылатын CCI елге 1994 жылдан бастап 106 миллиард теңгеден астам инвестиция салғанын мақтана айта аламын және бұл зауыт - CCI-нің инвестициялық жоспарларына адалдығының дәлелі. Өз кезегінде, Қазақстан бүгінгі таңда CCI үшін жетекші нарықтардың бірі. Бұл жетістік Қазақстан Үкіметі құрған қолайлы іскерлік ортаның арқасында мүмкін болып отыр. 2013 жылдан бастап CCI-нің Қазақстан бюджетіне салықтар және басқа да міндетті төлемдер түріндегі салымы 259 миллиард теңгені құрады, ал экожүйеміздің елдің ЖІӨ-не қосқан жалпы үлесі 475 миллиард теңгеге жетті".
Гюзель мырза инвестициялардың 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму жөніндегі CCI міндеттемелеріне сәйкес жалпы әлеуметтік-экономикалық өсуге ықпал ететінін атап өтті. Жаңа зауыт өз жұмысында қоршаған ортаға әсерді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретін озық технологияларды біріктіретін болады. Сонымен қатар, жоба жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған инновациялық бастамалар мен даму бағдарламаларын ұсынады.
Қазақстандағы шетелдік инвестициялар ізашары ретінде CCI 13000-нан астам тікелей және жанама жұмыс орындарын қамтамасыз етіп келеді. CCI Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық үлесі мен оның ашық қызметі көптеген беделді марапаттар түрінде мойындалды, оның ішінде: "Үздік салық төлеуші" сыйлығы, "Парыз" президенттік сыйлығы, KGIR сыйлығы және әлеуметтік жауапкершілік үшін берілген мемлекет сыйлығы бар.