Қазақстанның төрт қаласында Coca‑Cola жүйесінің экоакциясына қатысушылар 5,8 тоннадан астам қалдықтарды жинады

Алматы, Астана, Ақтөбе және Шымкентте Coca‑Cola жүйесінің экологиялық сенбіліктеріне 400-ден астам адам қатысты. Қатысушылар 5,8 тоннадан астам қалдықтарды жинады, оның ішінде 365 кг пластик қайта өңдеуге берілді.

22/09/2026

Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында Coca‑Cola жүйесі Алматы, Астана, Ақтөбе және Шымкентте экологиялық сенбіліктер өткізді. Бастамаға 400-ден астам адам — компанияның қызметкерлері, ReStart экологиялық жобасының серіктес университеттерінің студенттері, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының» өкілдері, сондай-ақ басқа қатысушылар қосылды. Іс-шаралар төрт қала әкімдіктерінің қолдауымен өтті.

Қатысушылар барлығы 5,8 тоннадан астам қалдықтарды жинады, оның ішінде 365 кг пластик сұрыпталып, қайта өңдеуге берілді.

Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын бүкіл әлемдегі адамдарды қоғамдық кеңістікті тазартуға атсалысу үшін және қалдықтардың тасталуына қатысты жауапкершілік таныту үшін біріктіреді. Coca‑Cola жүйесі үшін бұл халықаралық экологиялық бастамаға қатысу компания қызметкерлері мен жастарды практикалық іс-әрекеттер төңірегінде біріктіруге және экологиялық әдеттердің жеке қатысу арқылы қалай қалыптасатынын көрсетуге мүмкіндік болды.

«CCI Kazakhstan (ескертпе Coca‑Cola İçecek Kazakhstan) үшін қоршаған ортаға қамқорлық жасау тұрақты даму стратегиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Біз елеулі өзгерістер бірлескен әрекеттерден басталатынына сенімдіміз, сондықтан экологиялық хабардарлықты арттыратын және адамдарды практикалық шешімдерге тартатын бастамаларды қолдаймыз. Дүниежүзілік тазалық күні мен ReStart жобасы серіктестік пен қоғамдастықтың белсенді қатысуы оң өзгерістер жасауға қалай көмектесетінінің жарқын мысалдары болып табылады», — деп атап өтті CCI Қазақстан өкілдері.

Төрт қаладағы экологиялық акциялар сериясы ауқымды өзгерістер жергілікті жерлердегі нақты әрекеттерден басталатынын көрсетті. Қалалық аумақтарды бірлесіп тазалау бизнесті, жастарды, қоғамдық ұйымдарды және қала билігін қоғамдық кеңістіктерді таза ұстау және қалдықтарды жауапкершілікпен өңдеу мәдениетін дамыту жөніндегі ортақ міндет төңірегінде біріктірді.