
Coca‑Cola Қазақстандағы 30 жылдығын өңірлерде концерттермен атап өтті
Қазақстанда өзінің 30 жылдығына орай Coca‑Cola Қарағанды, Павлодар, Семей және Шымкент қалаларының орталық алаңдарында тегін концерттерін өткізді. Қонақтар Coca‑Cola және оның серіктестерінен түрлі іс-шараларға қатысып, әлеуметтік жобалар туралы білді.
02/09/2024
Қазақстандағы 30 жылдығына орай Coca‑Cola компанияның жаһандық музыкалық платформасы болып табылатын Coke Studio бренді аясында тегін концерттер сериясын ұйымдастырды.
Концерттер тамыз айының әр сенбісінде Қарағанды, Павлодар, Семей және Шымкент қалаларының орталық алаңдарын ауыстыра отырып, осы жаздың ұмытылмас оқиғасына айналды. Бұл ретте іс-шараларға кіру тегін және барлық тілек білдірушілер үшін ашық болды.
Өткізілген күні мен орны:
- 10 тамыз - Қарағанды, Орталық саябақ.
- 17 тамыз - Павлодар, Орталық жағалау.
- 24 тамыз - Семей, Ертіс өзенінің жағалауы.
- 31 тамыз - Шымкент, Тұлпар паркі.
Қонақтар қазақстандық танымал орындаушылардың музыкасын тамашалады:
- YENLIK– "Dop", "Shukir", "Esep" танымал хиттерінің авторы, Forbes 30 жасқа дейінгі 30 тізім қатысушысы, батыл және заманауи әнші.
- KALIFARNIYA (Фархат Калиев) – өз жұмысында көптеген стильдер мен әсерлерді біріктірген музыкант.
- DJ IDA (Ида Каплан) – дарынды пианист, композитор және диджей.
Әрбір концерт орындарында Coca‑Cola және оның серіктестері - Invictus, Sulpak және Yandex ойын-сауық аймақтары орналасты - онда қонақтар әртүрлі іс-шараларға қатысты; сондай-ақ дәмді тағамдармен қуаттануға болатын серіктес кафелер мен мейрамханалардың көптеген фуд-бұрыштары болды. Әрине, іс-шара сүйікті өндірушінің сусындарынан дәм татусыз өткен жоқ.
Сонымен қатар, іс-шара қонақтары компанияның Қазақстандағы отыз жылдық жұмысында көптеп орын алған Coca‑Cola әлеуметтік жобалары туралы көбірек білу мүмкіндігіне ие болды. Осындай маңызды бастамалардың бірі - 12 жыл қатарынан жалғасын тауып келе жатқан «Coca‑Cola Белестерi» («Өсу сатылары») әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жобасы. Өтеусіз гранттарды жеңіп алып, өз ісін ашқан жоба қатысушылары шағын жәрмеңкеде өнімдерін ұсынып, табыс тарихымен бөлісті және жеке бизнес бастағысы келетіндердің барлығына үлгі болды. Сондай-ақ суды үнемдеу мен пайдаланылған қаптаманы қайта өңдеу саласындағы жобалар да ұсынылды.
«Былтырғы жылы Алматыда өткен үлкен концертке 30 мыңға жуық көрермен жиналған, ал биыл жазда біз музыкалық миссиямызды жалғастырып, өңірлерге барамыз. Coca‑Cola-ның Қазақстандағы 30 жылдық мерейтойына қосылып, ұмытылмас оқиғаның бір бөлігі болыңыз!», - деп Coca‑Cola тобы шақырды.