Coca‑Cola нарықта Fuse Tea құтыларының шектеулі топтамасын ұсынды

Fuse Tea шектеулі топтамасы fusion пәлсапасына негізделген және әртүрлі өңірлерге: Алматы, Астана, Маңғыстау, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанға арналған құтлардың бес бірегей дизайнын қамтиды. Әрбір дизайн өз локациясының сирек кездесетін сипатын көрсетеді

03/08/2026

«Сенің әлемің. Сенің Fuse Tea» ұранымен жарық көрген бұл топтама әр адамның өзіндік таңдауы мен даралығын, дәстүр мен заманауи өмір салтының үйлесімін бейнелейді. Шектеулі сериядағы құтылардың дизайны Қазақстанның сан алуан мәдениетінен, табиғи ландшафттарынан, сәулет өнері мен заманауи қала эстетикасынан шабыт алған.

Топтама тұжырымдамасы fusion философиясына негізделген. Бұл — дәм, стиль, дәстүр және заманауи үрдістердің үйлесімді үндестігін білдіреді. Қазақстан бай мәдени мұрасы мен қазіргі өмірдің қарқынды ырғағын ұштастырғаны сияқты, Fuse Tea де шай мен жеміс дәмдерін үйлестіріп, сергітетін әрі ерекше сусын ұсынады.

Шектеулі топтама еліміздің әртүрлі өңірлеріне: Алматы, Астана, Маңғыстау, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанға арналған құтылардың бес бірегей дизайнын қамтиды. Әр дизайн өз өңірінің ерекшелігін заманауи иллюстрациялар, көпшілікке таныс табиғи және сәулеттік нысандар, сонымен бірге жергілікті визуалды мәдениеттің элементтері арқылы айшықтайды.

Барлық құты бірігіп, Қазақстанды бейнелейтін біртұтас топтаманы құрайды. Осылайша, қарапайым қаптама Қазақстанға өзіндік шолу бағытына айналады. Әр құты өз тарихын баяндайды, ал тұтас топтама әр адамның өзінің жеке Fuse Tea әлемін қалыптастыруға шақырады.

«Сенің әлемің. Сенің Fuse Tea» ұраны науқанның негізгі идеясын айқындайды: әркімнің өз әлеміне үндес дәмнің, шабыттың және көңіл-күйдің мінсіз үйлесімін табуға мүмкіндігі бар.

Fuse Tea шектеулі топтамасы бүкіл Қазақстан бойынша сатылымда бар.