COCA-COLA КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН КАВКАЗ АЙМАҒЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ МҰСА АК УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ІРІ БИЗНЕСТІҢ ҒЗТКЖ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІМЕН БАЙЛАНЫСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ФОРУМҒА ҚАТЫСТЫ

Қазақстан Республикасындағы 8 жетекші университеттің ректоры мен басшылары AlmaU-да ірі бизнес басшыларымен және сарапшыларымен кездесті. Мұса Ак Coca‑Colaның әлемдегі ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы баяндады.

30/03/2023

Coca‑Cola компаниясының Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы техникалық директоры Мұса Ак Қазақстан тарихында тұңғыш рет өткен қазақстандық университеттердің ғылыми-зерттеу әлеуетін ірі бизнестің ҒЗТКЖ-дағы қажеттіліктерімен біріктіруге бағытталған форумға спикер ретінде қатысты.

Алматы университеті (AlmaU) бастама көтере отырып, университеттердің ғылыми әлеуеті бизнес қажеттіліктерін қалай қанағаттандыра алатынын анықтау үшін Салалық консультативтік кеңес форумын құрды. Қазақстанның 8 ірі университетінің ректоры мен ғылыми жетекшілері Coca‑Cola, Microsoft, Samsung, Honeywell сынды басқа да жаһандық компаниялардың басшыларымен, техникалық сарапшыларымен кездесті.

Университеттер күрделі салалық мәселелерді шешуге және қосылған құны бар жаңа өнімдерді жасауға бағытталған ғылыми жобаларын ұсынды. Бизнес өкілдері өздерінің ҒЗТКЖ саласындағы қазіргі міндеттері туралы және бүкіл әлем бойынша зерттеу жүргізу үшін университеттермен қалай әріптестік жүргізіп отырғанын баяндады.

Мұса Ак Coca‑Cola-ның тәттілендіргіштер жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары, инновациялық орау жобалары (таңбаланбаған қаптама, салмағын жеңілдету, қайта өңдеу мүмкіндігін арттыру, теңіз қоқысы бөтелкелері мен өсімдік негізіндегі ПЭТ) қаптамасыз шешімдер туралы айтты. Сондай-ақ ол Coca‑Cola 2020 жылдың басында Қазақстандағы стартаптарға арнап Astana Hub-пен бірге инновациялық «ideathon»-ды өткізгенін еске салды.

Форумның пленарлық отырыстарынды Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Kusto Group құрылтайшысы әрі басқарма төрағасы Еркін Тәтішев, Astana HUB бас директоры Мағжан Мәдиев, Ғылым қоры басқармасының төрағасы Әбділда Шәменов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы төрағасының кеңесшісі Жандос Әбішев, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің коммерциялық мәселелер жөніндегі бас маманы Дональд Таунсенд пен басқа да адамдар сөз сөйледі.