Coca‑Cola қазақстандықтарды жаңа жылдық керуенімен тағы да қуантты

Coca‑Cola өз керуенін Қазақстанның алты қаласы – Ақтөбе, Алматы, Астана, Павлодар, Семей және Шымкентке жіберіп, мереке атмосферасын қайта құрды

05/01/2025

Жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл-күй мен сиқырлы атмосфера сыйлау - Coca‑Cola компаниясының игі дәстүрі.

Жарқын әрі жарқыраған шамдары бар аты аңызға айналған Coca‑Cola жаңа жылдық керуені әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да жаңа жылдың ең танымал нышандарының біріне айналды.

Биылғы жылы CocaCola жаңа жылдық керуені алты қалада – Ақтөбе, Алматы, Астана, Павлодар, Семей және Шымкент қалаларында жүріп өтті. Керуен қозғалысы 2GIS-тен нақты уақыт режимінде бақыланып отырды. Сондай-ақ, керуеннің жанында естелікке суретке түсуге мүмкіндік болды.