Аңызға айналған Coca‑Cola-ның жаңажылдық керуені Аяз Атаны Қазақстанда қыдыртып, екі мерекелік концерт сыйлады

Бұл жолы Сoca-Cola компаниясы Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанның бес қаласына мерекелік думан сыйлап: әйгілі қызыл жүк көліктері Астана, Алматы, Шымкент, Карағанды және Орал қалаларының көшелерінде Аяз атаны өзімен серуендетті

31/12/2023

Жыл сайын «Кока-кола» компаниясының жаңажылдық керуені Қазақстанды аралап, ел тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. 2023 жылдың 25-30 желтоқсан аралығында күн сайын сағат 18:00-ден бастап Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал қалаларының тұрғындары мен қонақтары арнайы kz.ny-caravan.com сайты арқылы Coca‑Cola логотипі бар қызыл жүк көліктерінің қозғалысы мен бағытын оңай бақылап отырды. caravan.com.

Барлығы керуенге тамсанып, оны фото мен бейнебаянға түсіріп үлгеруі үшін ол қаланың ең танымал орындарына 20 минуттан аялдап, тамашаға кенелген ересектер мен балаларды жиналды. Тағы бір жағымды тосынсый – Instagram желісіндегі байқауда керуеннің фотосуреттері мен бейнебаяндарын Stories-те @cocacola_kaz бренд парақшасын белгілегендер Coca‑Cola компаниясының сыйлықтарын ұтып алды. 

Дегенмен, Астана мен Алматының тұрғындары мен қонақтары ең жолы болғыштар екен. Олардың керуендерінің ішінде сыртынан көрінетін мөлдір жүк көлігінде баршамен сәлемдесіп, билеп,  орындығында отырған Аяз Атаның өзі бар еді.

Ал керуеннің соңғы күнінде мөлдір жүк көліктері жаңажылдық концерттердің алғашқы сахнасына айналды! Астанада кешкі сағат 20:00-де EXPO аумағында танымал әнші Ayau өнер көрсетті. Өз кезегінде Алматыдағы концерт кешкі сағат 19:30-да Астана алаңында өтіп, әйгілі орындаушы Akha ән шырқады. Концертті өз көзімен тамашалай алмағандар үшін Coca‑Cola компаниясы Instagram желісіндегі @cocacola_kaz парақшасында тікелей эфир ұйымдастырды. Барлық соңғы жаңалықтардан хабардар болу үшін, парақшаға жазылыңыз!