АҚШ-ТЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ БАС КОНСУЛЫ КЭРОЛАЙН СЭВИДЖ ХАНЫМ COCA-COLA ЗАУЫТЫНА БАРДЫ

АҚШ-тың Алматы қ. Бас консулы Кэролайн Сэвидж ханым Алматы облысындағы Coca‑Cola зауытында болып, өндірістің ерекшеліктерімен, жергілікті нарықта брендті одан әрі дамыту жөніндегі қазақстандық әріптестерінің тиімді шешімдерімен және идеяларымен танысты.

16/03/2023

АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж ханым Алматы облысындағы Coca‑Cola зауытында болып, онда оны «Кока-Кола Казахстан» ЖШС өңірлік директоры Шадаб Хан мырза және «Кока-Кола Алматы Ботлерс» компаниясының техникалық директоры Мустафа Бельтекин мырза аса жоғары қонақжайлылықпен қарсы алды.

Сэвидж ханым зауыттың жұмысымен және өндірістің ерекшеліктерімен, жергілікті нарықта брендті одан әрі дамыту бойынша қазақстандық әріптестерінің тиімді шешімдерімен және идеяларымен танысты.