EUROBAK Award 2025

Coca‑Cola және GPI Lab «Smart Plastic Zone» жобасымен EUROBAK Award 2025 жеңімпазы атанды

EUROBAK Award 2025 экологиялық номинациясында Coca‑Cola Қазақстан және GPI Lab компанияларының бірлескен Smart Plastic Zone жобасы жеңімпаз атанды, жоба пластикалық ізді азайтып, бизнес ортада жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

17/10/2025

Алматы, 2025 жылдың 17 қазаны - EUROBAK CSR Awards 2025 марапаттау рәсімінде Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығы елдің әлеуметтік және экологиялық ортасына оң өзгеріс әкелетін үздік корпоративтік бастамаларды атап өтті. Экология номинациясында пластикалық ізді азайтуға және бизнес ортада жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталған Coca‑Cola Қазақстан және GPI Lab компанияларының бірлескен Smart Plastic Zone жобасы жеңімпаз деп танылды.

Smart Plastic Zone — компанияларға бір рет қолданылатын пластик көлемін жүйелі түрде қысқартуға, қалдықтарды сұрыптауға және балама материалдарға көшуге көмектесетін Қазақстандағы тұңғыш бастама. Жоба методологиялық бағалау мен практикалық ұсынымдарды ұсынып қана қоймай, тұрақты дамуға қосатын үлесті растайтын «Silver», «Gold» және «Platinum» деңгейіндегі имидждік белгілерді де береді.

«Біз үшін ЕВРОБАК марапаты — тұрақты бастамалардың Қазақстандағы бизнес күн тәртібінің ажырамас бөлігіне айналып келе жатқанын көрсетеді. Серіктестерімізбен бірге біз қоршаған ортаға қамқорлықтың кез келген бизнес үшін жүйелі, өлшенетін және қолжетімді бола алатынын дәлелдеуді мақсат етеміз»,- деп атап өтті Coca‑Cola компаниясының өкілдері.

2025 жылдың наурыз айында іске қосылғаннан бері Smart Plastic Zone жобасына қонақ үйлер мен кеңселерден бастап университеттер, банктер және өндірістік кәсіпорындарға дейінгі 53 ұйым қосылды. Бастама Қазақстанның бес өңірінде дамып келеді және Қырғызстан мен Өзбекстан нарықтарына шығуға дайындалуда.

«Біз пластик тұтынуды азайтуға ғана емес, тұтыну мәдениетін өзгертетін іскерлік қауымдастықтың бір бөлігіне айналатын платформаны құрдық. ЕВРОБАК марапаты — осы бағыттың маңызды әрі қажет екенінің мойындалуы», — деді GPI Lab серіктесі Юлия Якупбаева.

Тәуелсіз бақылаушылар жобаның инновациялық тәсілін ерекше атап өтті: Smart Plastic Zone қалалар мен бизнес түрлері бойынша прогресті бақылауға мүмкіндік беретін нақты географиялық «пластикті азайту аймақтарын» қалыптастырады. Қатысушылар жеке есептер, ұсынымдар, оқыту материалдарын алып, сондай-ақ медиа мен кәсіби алаңдар арқылы өздерінің экологиялық бастамалары жөнінде ашық айту мүмкіндігіне ие болады.

EUROBAK Award 2025 байқауындағы Smart Plastic Zone жеңісі Қазақстан бизнесінің экологиялық трансформацияда белсенді рөл атқаратынын көрсетеді. GPI Lab пен Coca‑Cola Қазақстанның бастамасы серіктестіктің, ашықтық пен практикалық шешімдердің кеңселерден бастап өндірістік нысандар мен білім беру мекемелеріне дейін нақты өзгеріс енгізе алатынын дәлелдеді.