Smart Water Zone — Қазақстан компанияларына арналған су ізін басқарудың жаңа құралы
Қазақстанда бизнеске арналған Smart Water Zone жобасы басталды: су ресурстарын тиімді басқару, ESG-тәжірибелерді енгізу және экологиялық жауапкершілік белгісі
21/05/2026
Әлемде су тапшылығы мәселесіне назар арту күшейіп келеді, және бизнес рационалды су пайдалануда бастама көтеріп отыр. Қазақстанда Smart Water Zone деп аталатын жаңа экологиялық жоба іске қосылуда – су ізіне жүйелі бақылау жүргізіп, ESG-тәжірибелерді енгізуге ұмтылатын компанияларға арналған құрал.
Жоба GPI Group компаниялар тобының бастамасымен Coca‑Cola және Green Urban қауымдастығының қатысуымен, Астана қаласының әкімдігі мен Су ресурстары бойынша Ұлттық талдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылады. Бұл бастама Қазақстандағы жауапты тұтыну мәдениетін дамыту және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге арналған табысты жобалардың жалғасы болып табылады.
Smart Water Zone компаниялар үшін су ізін бір жүйеге келтіріп төмендетуге, тәжірибе алмасуға және су ресурстарын басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуге арналған платформа ретінде құрылды. Жоба ұйымдастырушылары атап өткендей, тиімді су пайдалану бизнес тұрақтылығының стратегиялық бөлігіне айналуда.
Coca‑Cola Kazakhstan компаниясында суды ұтымды пайдалану мен оны қалпына келтіру – компанияның жаһандық тұрақты даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті. Smart Water Zone секілді бастамалар бизнеске «жасыл» тәжірибелерді меңгеруге және су ресурстарына жауапты қатынас қалыптастыруға көмектеседі.
Бұрын жоба ұйымдастырушылары жүзеге асырған осындай Smart Plastic Zone бастамасы бүкіл ел бойынша 70-тен аса компанияны біріктірді.
Қатысуға өндірістік кәсіпорындар, қонақ үйлер, мейрамханалар, сауда орталықтары, кеңселер, білім беру ұйымдары және су ізін азайтуға және ESG-тәжірибелерін дамытуға қызығушылық танытқан басқа да ұйымдар шақырылады. Қатысу тегін.
Жобаға қатысушылар алады:
- Су тұтыну және су есеп жүйесіне тәуелсіз экспресс бағалау;
- Су тұтынуды азайту бойынша практикалық ұсыныстар;
- Оқу материалдары мен саланың үздік іс-тәжірибелеріне қолжетімділік;
- Smart Water Zone белгісіне ие болу мүмкіндігі – «Қола» деңгейінен «Платина» деңгейіне дейін;
- Компаниялардың үздік тәжірибелері салалық қорытынды есепке енгізіледі.
Smart Water Zone белгісі компанияның экологиялық жауапкершілік деңгейінің айрықша белгісі болады. Жобаға «Байтерек» холдингі және Қазақстан даму банкі сынды ірі бизнес өкілдері қазірдің өзінде қосылды.
Қатысу шарттары:
- smartwaterzone.kz сайтында өтініш толтыру;
- Деректерді тексеруден өту;
- Тиісті деңгейдегі белгі немесе қажетті деңгейге жету бойынша ұсыныстар алу;
- Жоғары деңгейге өту үшін қосымша ұсыныстар алу.
Компания талаптарға әлі сәйкес келмесе, көрсеткіштерді жақсартуға арналған ұсыныстар беріледі және қажетті шешімдерді енгізгеннен кейін қайта бағалауға мүмкіндігі болады.
Су тұтынуды азайту мәселелері бүгінгі таңда мемлекеттік басымдыққа айналуда: ҚР жаңа Су кодексінде кәсіпорындар үшін суды үнемдеу талаптарын кезең-кезеңмен енгізу қарастырылған. 2026 жылы бұл талаптар ұсынымдық сипатта болады, ал 2027 жылдан бастап кәсіпорындарға міндетті болып енгізіледі.
- Image 1
- Image 2
- Image 3
- Image 4
- Image 5
- Image 6