Recycling goals banner

«ПЛАСТИКТІ ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ ИӘ ДЕ» ЖОБАСЫНЫҢ 2 ЖЫЛДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

Жоба жұмысының екі жылында ҚР-да 10 572 тонна пластик жиналды, оның 61%-ы қайта өңделді; экологиялық хабардарлық бойынша 30-дан астам дәріс және 5 000 000 адамды қамти отырып, қаптама қалдықтарын бөлек жинау бойынша 30-дан астам іс-шара өткізілді.

05/07/2021

2017 жылы Coca‑Cola компаниясы «Қоқыссыз әлем» жаһандық стратегиясын бекітті, оған сәйкес компания тұтынушылық қаптаманы жобалау, жинау және қайта өңдеу саласында өзіне жаһандық мақсаттар қойды.

Атап айтқанда, компания 2025 жылға қарай өзінің барлық қаптамасын дизайн бойынша толығымен қайта өңдеуге уәде берді. 2020 жылдың соңына қарай біздің қаптамамыздың 90%-ы жаһандық ауқымда қайта өңделетін болды, ал Қазақстанда бұл 100%. Бұл негізінен ПЭТ қаптамасы. Мұндай қаптама керемет қасиеттерге ие және бұл бірнеше рет қайта өңдеуге және қайта пайдалануға болатын материал екенін атап кеткен жөн.

2030 жылға қарай Coca‑Cola компаниясы біз нарыққа шығаратын тұтынушылық қаптаманың барлық көлемінің баламасын жинауға және қайта пайдалануға немесе қайта өңдеуге жәрдемдесуге ниетті. Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша біздің қаптамамыздың шамамен 60%-ы жиналады және өңделеді - негізінен ұлттық немесе өңірлік деңгейлерде ұйымдастырылған ресми жинау және қайта өңдеу жүйелерінің арқасында. Олар қаптамадағы тауарларды өндірушілердің кеңейтілген жауапкершілігі (ӨКЖ) жүйелері деп аталады. Қазақстанда 2020 жылдан бастап осындай жүйе жұмыс істей бастады және оны «ӨКЖ операторы» ЖШС басқарады. 

«Біз 2020 жылы Қазақстандағы ӨКЖ операторы қаптамадағы тауар өндірушілерден кәдеге жарату алымын ала бастағанына қуаныштымыз. Оператор ұсынған мәліметтерге сәйкес, өткен жылы жүйеге қаржы қатысатын өндірушілердің пластикалық қаптамасының 20%-дан астамы жиналды және қайта өңделді. Алайда, Қазақстан 2030 жылға қарай қатты тұрмыстық қалдықтардың 40%-ын жинауды және қайта өңдеуді жоспарлап отыр, ал біздің компанияның мақсаты – 100%»,-дейді Coca‑Cola компаниясының Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі Корпоративтік байланыстар және коммуникациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман. 

Біздің компаниямыздың сусындарының басым бөлігі Қазақстанда пластикалық қаптамада сатылатындықтан, екі жыл бұрын біз «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығымен бірлесіп, осындай қаптаманы жинау және өңдеу үлесін арттыруға бағытталған жобаны іске қостық. Жоба «Пластикті қайта өңдеуге ИӘ де» деп аталады.

Бастаманың мақсаты-Қазақстанда пластикалық қалдықтарды жинау және өңдеу мәдениеті мен жүйесін жетілдіру. Қатысушы қалалар: Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Тараз, Шымкент. 

Жоба шеңберінде PlastNet пластикті жинау және қайта өңдеу желісі ұйымдастырылды, оған қазіргі уақытта 46 ұйым кірді: жинаушылар мен қайта өңдеушілер, сондай-ақ қалдықтар пайда болатын сауда және бизнес орталықтары мен басқа да ұйымдар. Қалдықтарды бөлек жинау 15 ұйымға енгізілді. 

Жоба жұмыс істеген екі жыл ішінде Қазақстанда 10 572 тонна пластик жиналды, оның 6 474 тоннасы қайта өңделді – 61%. Сондай-ақ, халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында өскелең ұрпақ үшін экологиялық хабардарлық бойынша 30-дан астам дәріс, 10 эко-іс-шара, 8 дөңгелек үстел, буып-түю қалдықтарын бөлек жинауды енгізу бойынша 10 тренинг және жалпы 5 миллионға жуық адамды қамтитын 10 онлайн-іс-шара өткізілді.