Water resource management banner

COCA‑COLA «ТДМ ЖӘНЕ БИЗНЕС ПІКІРТАЛАС ПЛАТФОРМАСЫ» ШЕҢБЕРІНДЕ СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ

2010-2020 жылдар аралығында Coca‑Cola Қазақстанның су ресурстарын қалпына келтіруге 1 миллионнан астам АҚШ долларын инвестициялады, осының арқасында 10 миллиардтан астам литр су сақталды.

16/03/2021

2021 жылғы 16 наурыз, Нұр-Сұлтан қ. – Онлайн-конференция шеңберінде Қазақстанда ТДМ-2030 алтыншы бағыты – «Су ресурстарының болуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету және барлығы үшін санитария» талқыланды.  Конференция «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» бастамасы бойынша өтті. «Соса-Cola» компаниясы серіктес ретінде қатысты.

Қазақстан су тапшылығы және су күйзелісі бойынша Азия бойынша Бангладеш, Үндістан, Қытай және басқа елдерден кейін 8-орында тұр. Елде халықтың 90,2%-ында орталық сумен жабдықтауға қол жетімділік қамтамасыз етілген, ал су тапшылығы көбінесе орталық өңірлерде, трансшекаралық өзендер бассейндерінде байқалады: Сырдария, Орал, Іле, Шу, Талас. Жалпы, Қазақстанның тұщы суының жалпы қоры 429 км3 деп бағаланады. Су ресурстарын басқарудағы негізгі проблема су ресурстарын пайдалану тиімділігінің төмендігімен, сондай-ақ пайдалану шығындарын жаппайтын ағымдағы тарифтермен байланысты. Су инфрақұрылымының ескіруі және инвестициялардың болмауы да үлкен мәселе болып табылады. Мұндай деректер «ТДМ және Бизнес пікірталас платформасы» кезекті онлайн-конференциясында айтылды.

Coca‑Cola компаниясы 20 жылдан астам БҰҰДБ, Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қоры, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы, «Тұрақты Дамуға Жәрдемдесу» орталығы сияқты ұйымдармен ынтымақтастықта. Бұл ұйымдардың «Coca‑Cola» халықаралық қорының гранттарымен қолдау тапқан сумен жабдықтауды қалпына келтіру және суды үнемдеу жөніндегі жобалары жыл сайын қоршаған ортаға 1,8 миллиард литрге дейін суды қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл біздің Қазақстанда сусындарды өндіруде пайдаланатын су көлемінен шамамен 3 есе артық болып табылады. 2010-2020 жылдар аралығында Coca‑Cola Қазақстанның су ресурстарын қалпына келтіруге 1 миллионнан астам АҚШ долларын инвестициялады, осының арқасында 10 миллиардтан астам литр су сақталды.

Конференцияда сөз сөйлеген «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ Атқарушы директоры Асхат Сүлейменов «Coca‑Cola» халықаралық қорының және БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен іске асырылған Ақкөл ауданының 28 мектебінде таза суға қол жеткізуді қамтамасыз еткен, олар жүзеге асырған «Таза су» жобасын атап өтті.

Алима Исембаева, «CCI Қазақстан» компаниясының корпоративтік және реттеуші қатынастар жөніндегі директоры «Coca‑Cola Içecek» компаниясының жобалары туралы айтып берді. А.Исембаеваның айтуынша, компания жыл сайын тәуелсіз бағалау жүргізеді және Қазақстандағы өз зауыттарында суды пайдалану тиімділігін жақсартады. Компания нөсер және ағынды суларды пайдаланады және ағынды суларды шамамен 100% тазартады. «Қазақстанда 1 литр өнімге біз 1,49 литрді пайдаланамыз, бұл өнімнің өзіндегі суды қоса алғанда. Біз кіретін барлық өңірлік компаниялар тобының ішінде су ресурстарын басқару бойынша ең тиімді жүйеміз бар», - деп атап өтті А.Исембаева.

ТДМ және Бизнес пікірталас платформасы «Қазақстандағы ТДМ көшбасшылары-2030» қоғамдық институтымен құрылды. Онлайн-алаң ай сайын Zoom-конференция форматында іске қосылады және Қазақстанның бизнес-қоғамдастығы арасында БҰҰ ТДМ танымал етуде басты рөл атқарады, сондай-ақ қоғамның назарын экология, адам құқықтары, жергілікті кәсіпкерлікті қолдау, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және халықаралық әріптестікті дамыту проблемаларына аударады.

Әрбір кездесуде БАҚ өкілдерінің тек сұрақтар қойып қана қоймай, спикер ретінде сөз сөйлеуге, талқыланатын мәселелердің қандай да бір аспектілері туралы айтуға, сондай-ақ келесі кездесу үшін тақырыптарды таңдауға қатысуға мүмкіндігі бар.